Әйел полиция бөлімшесінде босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербор қаласының тұрғыны полиция бөлімшесінде босанды.

Ресейдің Петербор және Ленинград облысы бойынша ІІМ МБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсанда шамамен сағат 8:00-де екі полиция қызметкері Ресей ІІМУ Фрунзе ауданы 12 бөлімшесі ғимаратының тап жанында қоршауға жармасып, қиналып тұрған жас әйелді байқап қалған. Сөйтсе, толғағы басталған екен. Полицейлер әйелді кезекші бөлімге апарып, «жедел жәрдем» шақырған. Арада біршаама уақыт өткен соң «жедел жәрдем» де жеткен. Дәрігерлер жағдайды бағалай келе, петербор тұрғынын полиция бөлімшесінде аман-есен босандырып алған.

Жарық дүние есігін ашқан нәресте мен анасы қазір перзентханада, жағдайлары жақсы. Сәбиге Елизавета есімі берілгені де белгілі болды.