Бейнебақылау камерасындағы кадрдан Карла Россоның түнге қарай итін шақыру үшін үйінен шыққаны көрінеді. Асфальтта жатқан белгісіз затты көргенде жануар тағы да ойыншықтарын шашып тастаған болар деп ойлаған. Бірақ қолымен көтеріп алған сәтте ғана мұп-мұздай заттың жылан екендігін аңғарған. Бұдан кейінгі оның қимылы көрген жанның күлкісін келтіретіндей болды.
Видеоны Желіге Карлдың күйеуі орналастырды. «Бақытқа орай, менің әйелім зардап шеккен жоқ. Бірақ оған енді жүгіру тәсілдерін жетілдіргеннің артықшылығы жоқ», деп жазды ол.