Әйелдер арасындағы рекордтар шеруі: ауыр атлетиканың кезекті күнінде кімдер топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында ел чемпионатының бесінші күнінде әйелдер арасындағы бәсеке мәресіне жетті.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өткен чемпионатта 77 келіде топ жарған Айғаным Жанболат 86 келіге көтеріліп, бірден 5 рекордты жаңартып тастады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, аса ауыр салмақта сөзсіз көшбасшы болып келген Любовь Ковальчук бәсекелестікке тап болып, күміс жүлдені еншіледі. Ол серпе жаттығуында рекордты жаңартса, Руфина Чалкарова жұлқа көтеруде рекордқа түзету енгізіп, алтын медальді мойнына тақты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

86 келі
Айғаным Жанболат (Алматы обл) - 256 келі (115 141)
Сания Орманбаева (Алматы қ) - 221 келі (97 124)
София Шешукова (Жетісу обл) - 220 келі (99 121)

86 келі
Руфина Чалкарова (Жетісу обл) - 275 келі (123 152)
Любовь Ковальчук (Қарағанды обл) - 270 келі (116 154)
Динара Кипшақбай (Қызылорда обл) - 187 келі (83 104)

2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы көрсеткіштер:

86 келі
1. Сания Орманбаева (Алматы қ) - 207 келі (89 118).
2. Айша Омарова (Қарағанды обл) - 206 келі (91 115).
3. Виктория Новикова (Ақмола обл) - 201 келі (86 115).

86 келі
1. Любовь Ковальчук (Қарағанды обл) - 260 келі (110 150).
2. Айсамал Сансызбаева (Қызылорда обл) - 210 келі (93 117).
3. Динара Кипшақбай (Қызылорда обл) - 207 кг (89 118).
3. Аида Ибраим (Жетісу обл) - 207 келі (88 119).

Едіге Емберді рекорд жаңартып, Қазақстан чемпионы атанғанын жазған едік.