Кеше жартылай финалдық сында қазақстандық екі боксшы да өз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Атап айтқанда 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай жарыс қожайыны Шики Худаннан 17:10 (2:2, 4:2, 5:3, 6:3), 81 келіден жоғары салмақтағы Жұлдыз Маматқұлова 2010 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Кавита Шагалдан 15:9(4:1, 3:2, 5:3, 3:3) есебімен басым түсті. Енді Н. Қызайбай филипиндік Жосие Габуканы 12:7 (0:2, 4:2, 4:1, 4:2) есебімен ұтқан ресейлік Светлана Гневановамен кездеседі. Ал Ж.Маматқұлова Ресейдің 3 дүркін Әлем чемпионы Ирина Синетскаяны 25:15 (6:3, 4:4, 9:5, 6:3) есебімен жеңген қытайлық Юнфей Лимен жұп құрайды.
11:08, 19 Мамыр 2012
Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ақтық финалында екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді
АЛМАТЫ. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін әйелдер боксынан Қытайдың Циньхуандао қаласында Әлем чемпионатының ақтық финалы өтеді.