Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Әйелдер боксынан Қытайдың Циньхуандао қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары басталады.

AIBA-ның интернет сайтындағы мәліметтерге қарағанда, онда қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен 2 боксшы өнер көрсететін болды. Атап айтқанда Назым Қызайбай (48кг) қытайлық Шики Хумен  (Shiqi Xu), Жұлдыз Маматқұлова ( 81 кг) 2010 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Кавитамен кездеседі. Егер бұл сында мерейлері үстем болса 19-мамырда ақтық финалда Әлем чемпионы атағына таласады.

Ширек финалдық сында Назым франциялық Лидия Боуссаддианы  23:15 (4:3, 6:3, 7:6, 6:3) есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал Жұлдыз украиналық Катерина  Шамбирмен 3:3   (2:1,  1:2, 0:0,  0:0) есебімен теңіп түсіп, төрешілер шешімімен белсендігі үшін жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл бәсекеде Марина Волнова (75 кг) ресейлік Надежда Торловаға 19:11 (4:4, 5:2, 5:3, 5:2), ал Дариға Шакимова (81 кг) американдық Франшон Греусқа 30:12 (6:4, 6:3, 8:3, 10:2) боп ұтылды.