Әйелдер ардайым уақыт талабына сай болуы керек - С. Мұстафина

АСТАНА. ҚазАқпарат -Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафинаның пайымынша, қазақстандық әйелдер ағымдағы уақыт талабына сай болуы керек.

«Біздің нәзік жандылар елімізбен бірге, уақыт талабына сай алға жылжуына, өздерін дамытуларына тілектеспін. Сондықтан қазіргі қарқынды әрі қызық заманда бізге мүмкіндіктерді қалт жібермеуіміз маңызды. Осы орайда жобаларды немесе бастамаларды жүзеге асыруда ерлерден қалмауымыз керек»,-деді ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Мұнымен қоса, С. Мұстафина әр жыл сайын Халықаралық әйелдер күнінде өзінің отбасы мүшелері қандай дәстүрді ұстанатынын айтып берді.

«8 наурызда таңертең күйеуіммен бірге алдымен үлкендерді, яғни әжейлерді, апаларымызды және әпкелерімізді құттықтауға барамыз. Ал түске қарай балаларым мені құттақтау келеді»,-деді ол.