Әйелдер біздің қоғамымыздың басты байлығы - Н.Календеров

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қалалық әкімдігінде Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз күнімен әйелдерді құттықтады.

«Жер үстіндегі барлық жақсылық әйелдерден таралған, - деді Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров. - Бүгінде әйелдер отбасы құндылықтарының ұйтқысы ғана емес, өмірдің барлық саласындағы табысты еңбеккерлер. Әйелдер мектепптерде балаларды оқытады, ауруларды емдейді, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жұмыс істейді, кәсіпорындарды басқарады, өз бейнестерін белсенді дамытып келеді. Олар өздерінің қажымас еңбегімен өмірді жақсарта түсуде. Әйелдер - біздің қоғамның басты байлығы!».

Тараз қаласы әкімінің грамоталарымен марапатталғандардың арасында еңбек ардагерлері, дәрігерлер, педагогтар, полицейлер, кәсіпкерлер, журналистер бар, оларға жылы шырайлы құттықтаулар айтылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Статистика мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Таразда мың әйелге ерлердің үлес салмағы деңгейі төмен (100 әйелге 869 ер адамнан келеді). 2014 жылғы мәлімет бойынша, облыс орталығы халқының саны 352,5 мың адамды құрайды.