Әйелдер боксынан жасөпірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль олжалады

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан 21-28 қыркүйек күндері жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті.

Онда жастар арасында 28 елдің және Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА атынан қатысқан) 149 боксшының арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль олжалап командалық есепте үшіші орын алды. Атап айтқанда Гаухар Ермекбай (69 кг) әлем чемпионы, Айдана Арапбаева күміс және Алуа Барлықбекова (48 кг), Валентина Халзова (75 кг), Анастасия Рилина (81 кг) қола жүлдегер атанды. Ал жастар арасында 29 елдің және АIВА атынан қатысқан 150 боксшының арасынан қазақстандықтар 10-орын алды. Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Назерке Жұрғараева (46 кг), Әсел Асқарова (48 кг), Балауса Мұздыман (54 кг), Любовь Хассиева (66 кг), Ақмарал Шамшиденова (80 кг) әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Жартылай финалда жеңіліс тапқан Әйгерім Ошақбай (52 кг), Назым Ишжанова (57 кг), Екатерина Анисимова (630 кг), Аида Абықаева (63 кг), Баян Ақбаева (70 кг), Алтын Мұқышбекова (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.