Әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандықтар сәтті бастады

АЛМАТЫ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Оған биыл 30 елден - 149 былғары қолғап шебері жиналып отыр. Кеше Назерке Жұрғараева (46 кг) армениялық боксшыны, Балауса Мұздыман (54 кг) тайпейлікті, Назым Ишшанова (57 кг) украиналық спортшыны, Баян Ақбаева (70 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) ұсынған боксшы Гагандэп Бхулларды (Gagandeep Bhullar) 3:0 есебімен ұтты. Бүгін енді Алуа Балықбаева (48 кг) моңғолиялық спортшымен, Мадина Нұршаева (64 кг) әзірбайжандықпен, Валентина Халзова (75 кг) германиялықпен, ал Ақтолқын Кеңесбекова (57 кг) АІВА ұсынған Неелам Сайнимен күш сынасатын болады.