«Әйелдер ел қуатын еселейді!» акциясы өтеді

СТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Елімізде өткізіліп жатқан «Бірлігіміз жарасқан!» республикалық акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Қазақстанның азаматтық альянсымен бірлесе отырып «Әйелдер ел қуатын еселейді!» акциясын ұйымдастыруда.

Акцияның негізгі мақсаты - Қазақстан әйелдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауды арттыру және көкейкесті әлеуметтік мәселелерді шешудегі әйелдер белсенділігінің әлеуетін көтеру.

Оның өз аясына еліміздің қоғамдық ұйымдары көшбасшылары, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың әйел басшыларынан құралған белсенді әйелдерді жинай отырып,, Мемлекет басшысының әйелдер мәртебесін жақсарту бағытында атқарып жатқан саясатына қолдау көрсетуге бағытталмақ. Сондай-ақ, кездесу барысында әйелдерді алдыңғы қатарға қою мәселесінде тәжірибе алмасып, аймақаралық байланыстарды кеңейтуге де жағдай жасалмақ.

Акция еліміздің барлық аймақтарында 2010 жылғы маусымның 24-інен шілденің 4-іне дейін өткізілмек.