АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық төрт спортшы жұбаныш белдесуіне қатысады.
Құрлықтық додада Зульфия Яхьярова (53 келі) жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Арууке Кадырбек кызымен кездессе, Диана Каюмова (59 келі) үндістандық Ядав Пушпамен шеберлік байқасады.
Ал, Альбина Қайыргелдинова (68 келі) тағы бір қазақстандық Гүлнұр Таштанбековамен, Эльмира Сыздыкова (76 келі) үндістандық Прия Приямен бәсекеге түседі.
Құрлықтық додада 13-14 сәуір күндері әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері боз кілемге шығады.
Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.