Үш балуан қызымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Эльмира
Фото: ҚР ТСМ

АСТАНА. KAZINFORM - Әйелдер күресінен қазақстандық үш балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова мен Эльмира Сыздықова (76 келі) алғашқы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, келесі айналымға өтті.

Енді жартылай финалда Яхьярова Оңтүстік Корея өкілі Кёнг Рёнг Охпен, Каюмова моңғолиялық Анудари Батхуягпен, ал Сыздықова қырғызстандық Айпери Медетқызымен күреседі.

Елорда уақытымен 13:30-да жартылай финал және жұбаныш белдесу өткізіледі.

Ал финалдық белдесулер 17:00-ден кейін өтеді.

Жарыстар «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Еске салсақ, Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар