Әйелдер күресі: қазақстандық балуандар финалға шыға алмады
АСТАНА. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында бірде-бір бұрынды балуанымыз финалға шыға алмады.
72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Анастасия Панасович жартылай финалда сүрінді. Отандасымыз үндістандық Харшита Харшитудан жеңілді. Белдесу 0:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Ал, Ирина Казюлина (65 кг) жартылай финал бәсекесінде моңғолиялық Энхжин Тувшинжаргалға 4:6 ұпаймен есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін тағы бір рет бозкілемге шығады.
Сондай-ақ Лаура Алмағанбетова (57 кг) жартылай финалда жапониялық балуан Тцугуми Сакурайдан 11:0 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, екі күн ішінде әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін үш балуанымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.