АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер күресінен тоғыз салмақта жүлделер үлестірілді. Олардың барлығы дерлік жаңадан шығып келе жатқан балуандар болды.
Бүгінгі бәсекеде Светлана Анкичева (50 келі), Асылзат Сағымбай (53 келі), Айша Уәлишан (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі) «алтыннан» алқа тақты. Сондай-ақ, Аяулым Қасымова (62 келі), Жәмила Бақбергенова (68 келі), Валерия Гончарова (72 келі) және Элмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын күрес түрлерінен ел біріншілігінде 20-22 қараша күндері еркін күрестен 10 салмақта жеңімпаздар анықталды.
Енді ел біріншілігінде грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.