Бүгін Токио бозкілеміне 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар белдесті.
Аталған санат бойынша ел сапынан Валентина Исламова кілемге шықты.
Жарыстың бірінші айналымында ол эквадорлық Лусии Ямили Йепес Гусманимен кездесті. Белдесу 6:9 есебімен Валентинаның қарсыласының еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, эквадорлық Гусмани финалға шыққан жағдайда Қазақстан балуаны Валентина жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК