АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жәмиланың финалда жапониялық Сумире Никураны қапы қалдырды.
Ол бұған дейін тайпейлік Хунг Пин-ценд және моңғолиялық Даваансан Енх Амарды жеңді.
Айта кетсек, құрлықтық додада бүгін ел құрамасынан Нилуфар Раимова қола жүлде алды.
Еске салсақ, әйелдер күресінен жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Эльмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанса, Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.