Онда үздік үштікке Қытай, АҚШ және Жапония құрамалары енді. Одан кейінгі орындарды Канада, Моңғолия, Ресей, Қазақстан және Франция балуандары өзара бөлісті.
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні Ресей (4:3), мен АҚШ ( 6:1) құрамаларына есе жіберіп, канадалықтардан ғана (5:2) басым түсті. Ал кеше өз тобында барлық белдесуде жеңіліс тапқан жарыс қожайындарымен 7-орын үшін болған сайыста өздерінің екінші жеңісіне қол жеткізді. Онда ел намысын Жұлдыз Ешімова (48 кг), Зульфия Яхъярова, Гүлмира Ысқақова (51 кг), Айым Әбілдина (55 кг), Ольга Калинина (59 кг), Татьяна Захарова (63 кг), Эльмира Сыздықова, Елена Шалыгина (67 кг), Гюзель Манюрова, Ольга Жәнібекова (72 кг) қорғаған болатын.