ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, турнирге құрлықтағы 19 мемлекеттен спортшылар қатыспақ. Бас қаламызда өтетін «Сарықұрлық» додасында ел намысын 10 салмақ санатында он балуан қызымыз қорғайды.
Атап айтар болсақ, 40 келі салмақта - Балжан Шәкір, 43 келі салмақта - Марал Тәңірбергенова, 46 келі салмақта - Лаура Ғаниқызы, 49 келіде - Зейнет Баянова қорғаса, 53 келі салмақта - Алтын Шағаева, 57 келіде -Татьяна Мальцева, 61 келі салмақта - Жібекжан Сабыржанова, 65 келіде - Анастасия Панасович, 69 келі салмақта - Ділназ Мулкинова және 73 келі салмақта - Аяжан Сәду қорғайды.
14:27, 02 Шілде 2019
Әйелдер күресінен Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4-7 шілде күндері елордада күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.