Әйелдер күресінен Ыстанбұлдағы турнир: Қазақстандықтар 5 медаль алды

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияда халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, 26 маусым күні Түркияның Ыстанбұл қаласында әйелдер күресінен «Яшар Догу» атындағы халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды.

55 келіде Айша Уәлишан, 65 келіде Айна Теміртасова, 72 келіде Валерия Гончарова жарыстың күміс жүлдегерлері атанды.
Ал 65 келіде белдескен Гаухар Мұқатай мен 55 келідегі Сандуғаш Дүйсенова қоржынды қос қоламен толықтырды.