АСТАНА. KAZINFORM – Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын балуандарды атады.
Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, лицензиялық жарыста Қазақстан намысын алты балуан қорғамақшы.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімі:
50 келі: Лаура Ғаниқызы,
53 келі: Марина Седнева,
57 келі: Лаура Алмағанбетова,
62 келі: Ирина Кузнецова,
68 келі: Елена Шалыгина,
76 келі: Эльмира Сыздықова.
Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Бішкекте әйелдер күресінен өткен додада қазақстандық бірде-бір балуан олимпиада жолдамасына иелік ете алған жоқ.
Онда мына балуандар бақ сынаған еді:
50 келі: Лаура Ғаниқызы,
53 келі: Жұлдыз Ешімова,
57 келі: Эмма Тисина,
62 келі: Ирина Кузнецова,
68 келі: Елена Шалыгина,
76 келі: Жәмила Бақбергенова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).