деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бюро отырысында Палатаның салалық комитеттерінің ұсынысымен Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі жобасына шығарылатын заң жобалары сараланды. Атап айтқанда, Қаржы және бюджет комитетінің ұсынысы бойынша «Қазақстан Республикасының микроқаржылық ұйымдарының қызметін реттейтін кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру мәселесі қаралды.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасын (жаңа редакциясы) бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және кейбір заңдарға қазақстандық қамту мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобалары қаралды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жол қозғалысы туралы және БҰҰ-ның Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын бекіту қажеттігін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұсынып отыр.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттар талқысына парламентшілер бастамашылық жасаған «Әйелдер мен еркектердің тең құқықтары және бірдей мүмкіндіктері туралы» заң жобасын шығаруды ұсынды. Сонымен қатар, «Босқындар туралы» және соған сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобалары екінші оқылымға шығаруға дайын.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымға шығарылатынын Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті хабарлады.
Жалпы отырыста «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» үкіметтік заң жобаға Парламент Сенаты енгізген түзетулер талқыға салынатын болды. Сол секілді күн тәртібі жобасына депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге баруы туралы мәселе енгізілетін болды.