«Мен әйелдердің мүддесін қорғайтын құзырлы органның құрылғанын қалаймын әрі бұл ұсынысты қолдаймын»,- деді ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Аталмыш кеңестің тағы бір мүшесі Лама әл-Сүлейменнің айтуынша, экономикалық қызметке араласып жүрген ер азаматтардың 70 пайызы жазып-сыза алмайды, хат та танымайды.
Әл-Ақсадаағы іскер әйелдер комитетінің жетекшісі Фадия әл-Рашидтің сөзіне қарағанда, бизнесте саудиялық әйелдердің қарасы аз көрінеді. Олардың қарасы бар-жоғы сегіз пайызды ғана құрайды екен.
«Саудиялық әйелдер: болашаққа нық қадам» деп аталатын мәжілісте сөйлеген сөзінде саудиялық әйелдер жолбастаушысының (гид) президенті Маха Фитахи: «Біз әйелдерді отбасы, ошақ қасынан алыстатып, жұмысқа баруына мәжбүрлей алмаймыз. Ол - әр әйелдің қалауына қарай болатын іс. Біз олардың төңіректе не болып, не қойып жатқанынын хабардар болғанын қалаймыз»,- деді.