Әйелдер желкенді қайықпен Жер шарын айналудан тұңғыш рет жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 53 жастағы аустралиялық, яхталық шпикер Венди Так бір жылға созылған Жер жарын желкенді қайықпен аралаудан жеңімпаз атанған алғашқы әйел болды, деп хабарлайды bbc.com.

Мәре сызығын екінші болып 25 жастағы британдық Никки Хендерсон кесті.

Венди Такты мыңдаған адам Ливерпулде айлақта қарсы алды.

«Мен әйелдер туралы сөз қозғағанды ұнатпаймын. Мен жәй ғана өз жұмысымды істедім. Алайда, осыны істегенімізді мақтан тұтамын», - деді Венди Так Telegraph газетіне берген сұхбатында.

Бір жыл бұрын 12 яхта Ливерпульден әлемді суда жүзіп аралауға жол тартқан еді. Қатысушылар 40 мың миль (64 300 шақырым) жол жүріп өтті.