Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
Конференцияға Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, ЕҚЫҰ орталығы, мемлекеттік органдар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Іс-шарада отбасында зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу жұмыстарының тиімділігін әрі нәтижелігін арттыру бойынша шаралар талқыланды. Қатысушылардың атап көрсеткеніндей, зорлық-зомбылық құрбандарына қажетті көмек көрсету уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасасу деңгейіне байланысты болып табылады.
Осыған байланысты конференцияда мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар пысықталды.