«Біз бұл саммитті төртінші рет өткізетін боламыз. Ол әйелдерің экономикаға үлесі мен интеграция мәселелеріне арналады. Бұл мәселе әсіресе, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында барынша маңызды. Мұнан бөлек, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне әйелдердің қатысуы да сөз болады», - деді ол. Оның атап өтуінше, саммит жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева қатысып, сөз сөйлейді. Саммиттің мәртебелі қонақтары қатарында Грузияның саяси партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе болады. «Саммит аясында бірнеше шара өтеді. Мәселен, «Нұрлы жол - жаңа мүмкіншіліктер» халықаралық конференциясында халықаралық интеграция мәселелері талқыланып, Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерілуі қарастырылады. Өйткені, бұл банк еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға 41 млн. доллар бөліп отыр», - деді Р.Сәрсембаева.
17:18, 24 Қараша 2015
Әйелдердің 4-ші Еуразиялық саммитіне Г.Әбдіқалықова мен Д.Назарбаева қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордада Әйелдердің 4-ші Еуразиялық саммиті өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева айтты.