АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруді 2028 жылға дейін тоқтату кезінде жұмсалатын қаражат сомасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдын ала есептеулерге тоқталсақ, 2023 жылдан 2027 жыл аралығында шамамен 800 млрд теңге болады», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде қалатынын айтты.
«Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді Президент.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.