«Бүгінгі күні әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесі көтеріліп отырған жоқ», - деді министр.
Г.Әбдіхалықова нақтылағандай, БҰҰ Халықты орналастыру саласындағы қорының бағдарламасы аясында Азаматтық бастамалар орталығы (үкіметтік емес ұйым) бірқатар ұсыныстар жасады. Солардың арасында зейнетке шығу жасын (соның ішінде әйелдердің) ұлғайту ұсынысы бар. ҮЕҰ-ның бұл бастамасына зейнеттік жасты көтеруге байланысты қазіргі халықаралық қоғамдастықта, сонын ішінде Еуропадағы үрдістер негіз болған.
«Бірақ бұл ұсыныс қабылданып, ол орындалу үстінде деген сөз емес. Мұны қабылданған шешім ретінде түсінудің қажеті жоқ. Менің ойымша, қазір бар назарымызды халықты еңбекпен қамту мәселесіне аударуымыз қажет», - деді министр.
Еске салайық, ҚР «Еңбек туралы» Заңда белгіленгендей, республикада әйелдердің зейнетке шығу жасы - 58, ерлердікі - 63.