10:01, 18 Маусым 2009
«Әйелдерге арналған вагондар» жолға шығады ? Қытай
БЕЙЖІҢ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Қытай елордасының өкіметі метроға тек әйелдерге арналған жеке вагондарды жолға шығармақ.
Бейжің депутаттары сәйкес заң жобасын жақын арада қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат НТВ телеарнасына сілтеме жасап. Құжат авторларының мәліметтері бойынша, Бейжің метросында «әйел жолаушылардың 40 пайыздан астамы сексуалдық озбырлыққа ұшырайды екен».