Әйелдерге арналған жеке вагон болмайды – ҚТЖ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында әйелдерге арналған жеке вагондар іске қосылмайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірденайту керек, әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды. Келешекте купелер болуымүмкін. Ал жеке вагон іске қосу - өтеқымбат болатын шығар. Талай жылдар өткеннен кейін болмаса, дәл бүгін ондайжоспар жоқ», - деді ол.


ҚТЖөкілдері бұл жерде халық вагон құныныңөте қымбат екенін түсіну керектігін атады.

Баспасөзмәслихаты барысында бір вагонның бағасы 1 млн АҚШ долларына пара-пар екені деайтылды.