АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Инженерная көшесіндегі коммуналдық пәтерлердің бірінде туған күнін тойлап жатқан әйелді терезеден лақтырып жіберді.
Ауыр жарақат салдарынан әйел оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиға 22 тамыз күні түнде болды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқан әйелмен бірге балконда болған қаскүнем оны көтерген күйі лақтырып жіберген, деп хабарлайды rambler.ru.
Полиция қызметкерлері қылмыскерді іздестіруде.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.