Құрт құлақ ішімен бойлап, тіпті дабыл жарғағының жанын ойып жіберген. The Daily mail басылымының хабарлауынша, әйел адам есту аппараты тағылған сол жақ құлағы бір күн бойы ауырғандықтан, дәрігерлерге келіп көрінген. Дәрігерлер аппаратты шешкен кезде әйелдің құлағының іші қан болып кеткендігін көрген, ал оның құлағының ішінде шыбын құрты жорғалап бара жатқан.
Медицина қызметкерлері балаңқұртты алып шығып, әйелге тиісті ем жазып берді. Құрт оның дабыл жарғағының жанын тесіп үлгерген.