Әйелін балағаттаған көкшетаулық 3 күнге қамалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Х-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

«Сотта, азамат Х. тұрғынжайда өзінің жұбайына былапыт сөйлеп, ұрыс- жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды», делінген хабарламада.

Сот қаулысымен азамат Х. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.