«Кылмыстық қудалау органы Н. есімді азаматқа қасақана кісі өлтірді деген айып таққан. Іс материалынан анықталғаны, Н. қызғаныш салдарынан мас күйінде әйеліне пышақ салып, нәтижесінде ол көз жұмады. Сот Н.-ны адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Үкімге апеляциялық шағым беріліп, өзгеріссіз қалдырылды.