Сотталушы танысының үйіне жылыту жүйесін орнату үшін жұбайымен бірге барған. Спирттік ішімдік ішкен екі ер адам мас күйге жетіп, сөз байласып, қылмыстық әрекетін жалғастырады. Яғни, автокөліктің артқы орындығында отырған азаматтық некедегі жұбайын ұстарамен қорқытқан. «Зорлап өлтіріп, мазарға әкемнің жанына көміп кетеміз, мазарда орын болмаса сыртына көміп кетеміз» деп айтып, күшпен сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.
Сот отырысының қорытындысымен негізгі сотталушы ҚР ҚК 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал екінші сотталушы ҚР ҚК 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.