Әйелше киінген еркек марқұм анасының құжатымен несие алмақ болған
18:04, 26 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеуде әйел адамның киімін киген ер адам марқұм анасының құжатымен несие алмақшы болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мәскеудегі ІІМ бас кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицейлер әйелдің киімін киіп, қайтыс болған анасының құжатымен банк бөлімшесінен несие алмақшы болған ер адамның қылмысын әшкереледі»,-деп жазылған ведомство сайтында .
Ол 75 мың рубль көлеміндегі несие картасын алуды жоспарлаған. Банк қызметкерлері мәскеуліктің сыртқы пошымы мен көрсеткен құжатынан секемденіп, бірден полицияға қоңырау шалған.