Айға аяқ басқан соңғы астронавт дүниеден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айға аяқ басқан соңғы астронавт Юджин Сернан (Eugene Cernan) 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НАСА сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ол отбасы ортасында көз жұмды. Өлім себебі айтылмаған.

Капитан Юджин Сернан ғарышқа үш рет сапар шеккен: 1966 жылы «Джемини-9А» кемесінің екінші ұшқышы ретінде, 1969 жылы «Аполлон-10» - ұшқышы, ал 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясына жетекшілік етіп ұшты.

Сернан ашық ғарышқа шығып, Айға аяқ басқан екінші америкалық астронавт.


Фото: Larry Downing / Reuters