Әйгілі әнші үйсіз жандарға баспана салуға $7 млн. берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламшардың ең бай әншілерінің бірі Бейонсе мұқтаж және ауру жандарға көмек қолын созудан жалығар емес. Жұлдыз әнші туған қаласы Хьюстонда үйсіз-күйсіз адамдарға тұрғын үй салып алулары үшін 7 млн. доллар қаражат берді.

Жобаны қолға алмас бұрын атақты әнші өзінің досы, пастор Руди Расмустың батасын сұрады, деп хабарлады Popcornnews.

«Ол - өте тамаша жан. Жүрегі өте кең, бізден жәрдемін аямайды. Оның ізгі іс-әрекеттеріне қарап, осындай досымның барына шексіз ризамын», - деді пастор.