Ақ халаттылардың айтуынша, Шумахер психоневрологиялық бұзылыстардан зардап шегіп, ессіз күйде жатыр.
Аты аңызға айналған спортшы Франциядағы тау шаңғысы курортында жүргенде жарақаттанған. Төмен қарай құлдилап бара жатқан ол жолда құлап, басын тасқа соғып алған.
«Оның миына аса ауыр зақым келген. Сағат сайын уақыт ұтуға тырысып бағудамыз. Соңы қалай боларын кесіп-пішіп айта алмаймыз», - деп хабарлады баспасөз мәслихатында Шумахерге ота жасалған Гренобль емхананың өкілі.
Қазіргі уақытта бұрынғы автошабандоз жасанды тыныс алдыру аппаратының көмегімен өмірі үшін күресіп жатыр. Дәрігерлер қайта ота жасалмайтынын айтады. Қазіргі сәтте басты міндет шабандоздың бас сүйегінің ішкі қан қысымын барынша төмендету болып отыр.