Кітапта әйгілі футболшының спорттық ғұмырының жарқын сәттері мен естеліктері және басқа да қызықты оқиғалары жазылған.
«Қазақстан - менің Отаным. Шымкентте туып-өстім, топырағы мені әрдайым тартып тұрады. Ендігісі, кітабым шығып, ойға алған мақсатымның орындалғанына өте қуаныштымын», -деді Е. Пехлеваниди.
КСРО спорт шебері Е. Пехлеваниди соққан доптар саны бойынша өзі ойнаған клубтың рекордсмені атанды, үздік шабуылшы атанды. Ол КСРО чемпионаттарында 226 ойын өткізіп, жоғары лигада 69 доп соққан. Даңқты футболшы 1990 жылы тарихи отанына жол тартты.