Әйгілі футболшы Паоло Мальдини Алматылық балалардың шеберліктерін шыңдады

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Әлемдік футболдың ең үздік деген қорғаушыларының бірі, Италия құрамасының бұрынғы капитаны Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Паоло Мальдини Қазақстанға сапары барысында клубтың академиясында болып, оның тәрбиеленушілерімен кездесті.