Тізе жарақаты болмағанда Пуйоль әлі де өнер көрсетуге дайын болған. Алайда дәрігерлермен ақылдаса келе ол осындай шешім қабылдапты. Жиында сөз алған қорғаушы бапкерлікке қызықпайтынын жеткізді. Бірақ клуб қарамағында қызмет істеуге дайын екендігін жасырған жоқ. «Барселона» футболшысы Еуропа және әлем чемпионында, сондай-ақ чемпиондар лигасында жеңіске қол жеткізген шебер ойыншы, деп хабарлайды КТК. Айта кетейік, Пуйоль келісімшарт мерзімінің аяқталуына әлі екі жыл барына қарамастан, «Барселонадан» осы жазда кететінін алдын ала мәлім еткен еді.
04:51, 18 Мамыр 2014
Әйгілі футболшы үлкен спортпен қош айтысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» ФК атақты ойыншысы испандық Карлес Пуйоль үлкен спортпен қош айтысты. 36 жастағы капитан арнайы баспасөз мәслихатында клубқа және өзінің барлық жанкүйерлерге алғысын білдірді.