Әйгілі саяхатшы Джеймс Куктың кемесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Род-Айленд штатында жағалаудан аты аңыз болған «Индевор» кемесі табылды. Бұл кемемен саяхатшы Джеймс Кук әлемді аралаған болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.

Саяхатшы осы кемемен 1768-1771 жылдар аралығында саяхаттаған. Одан кейін кемемен не болғаны белгісіз еді. Кеме 1778 жылы АҚШ-та тәуелсіздік үшін болған соғыс кезінде Род-Айлендтегі атыста қирап қалды деген де болжам бар.

Еске сал кетейік, «Индевор» кемесімен саяхат кезінде Джеймс Кук Австралияның шығыс жағалауын ашқан және Жаңа Зеландия екі аралдан тұратынын дәлелдеген еді.