Әйгілі жұлдыз иттерінің демалысына $200 000 жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық әнші, актриса Мэрайя Кэри өзінің жеті итінің демалысына 200 мың доллар шамасында қаражат жұмсаған.

Оның 175 мыңы АҚШ-тан Ұлыбританияға дейінгі чартерлік рейсті төлеуге жұмсалса, тағы 25 мың долар Бристольдегі иттерге арналған The Paw Seasons қонақүйінің қызметіне шығындалған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Әрі, қонақүйде әншінің өтініші және құрастырған мәзірі бойынша бұл үй жануарларына аспаз ерекше тағамдар әзірлеген. Олардың әрқайсысы жеке кереуетте ұйықтаған. Бұл қонақүйде бір түн тұру құны жыл маусымына байланысты 65 доллардан 100 долларға дейінгі аралықта.