Әйгілі голливудтық каскадер Ронни Ронделл өмірден озды
АСТАНА. KAZINFORM — Голливудтың атақты каскадері Ронни Ронделл-кіші 88 жасында қайтыс болды. Ол 200-ден астам фильмге түскен, бірақ ең көп танымалдылыққа Pink Floyd тобының 1975 жылғы «Wish You Were Here» альбомының мұқтасындағы жанып тұрған адам бейнесі арқылы ие болды. Бұл туралы Euronews жазды.
АҚШ каскадерлік өнерінің ардагері Ронделл бұл фотоға Hipgnosis деп аталатын британдық арт-дизайн тобының суретшілері Сторм Торгерсон мен Обри Пауэллдің жобасы аясында түскен. Бұл суретте Ронделл іскерлік костюммен тұтас отқа оранған күйде, екінші адаммен (каскадер Дэнни Роджерс) қол алысып тұр. Фото Калифорниядағы Warner Bros. студиясында (сол кездегі Burbank Studios) түсірілген.
Ронделл арнайы отқа төзімді костюм мен қорғаныш гельін қолданған. Кейін ол Pink Floyd: The Story of Wish You Were Here деректі фильмінде былай деген:
— Ол кезде мен отпен жиі жұмыс істейтінмін. Қолымда арнайы костюмдер мен керек-жарақтар болды. Бұл аса қауіпті емес еді, әрі жақсы ақы төленетін, — деген.
Десе де, сол түсірілім кезінде ол қасын және мұртын күйдіріп алды деген дерек бар.
Ронделлдің өмірі мен мансабы
1937 жылы Голливудта дүниеге келген.
АҚШ әскери-теңіз флотында қызмет еткен.
Кейінірек теледидар саласында эпизодтық актер ретінде жұмысын бастаған.
Stunts Unlimited компаниясын құрды — бұл компания мотоспорт, автошабандоздар, шабандоздар, ұшқыштар мен хореографтардың мүддесін қорғады.
Оның мансабы 1955 жылдан 2003 жылға дейін созылды. Ронделл келесі фильмдерде жұмыс істеген:
«Батысты қалай жаулап алды»,
«Смертельное оружие»,
«Матрица: Перезагрузка»,
«Бриллианты навсегда» (1971),
«Коммандо» (1985),
«Чужие среди нас» (1988),
«Охота за Красным Октябрем» (1990),
«Тельма и Луиза» (1991),
«Последний герой» (1993),
«Скорость» (1994),
«Ворон» (1994),
«Бэтмен и Робин» (1997).
Сондай-ақ, ол «Ангелы Чарли», «Баретта», «Спасатели Малибу» телешоуларына түскен.
Ронделл 2000 жылы зейнетке шыққанымен, 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильміндегі әйгілі көлікпен қуғын көрінісін қою үшін қайта оралған.
Бұған дейін АҚШ-та аты аңызға айналған балуан және киноактер дүниеден өткен еді.