«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді А. Қапбарова.
Сонымен қатар ол Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Сенатор Халықаралық Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің мүшесі болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, маусым айының аяғында Айгүл Қапбарова Сенат депутаты атанды.