Айгүл Соловьева: Бұл сайлауда «Nur Otan» партиясының көшбасшылығы айқын көрініп тұрды
Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша сарапшылар форумын өткізіп жатыр . Жиында Айгүл Соловьеваға бұрынғы сайлаулар мен бүгінгі сайлаулардың ерекшелігі қандай болғаны жайлы сұрақ қойылды.
«Ең бірінші кезекте мен хартия бастамашысы болғанымды атап өткім келеді. Сол себепті сайлауға халықаралық құқық мен заңнама тұрғысынан қарадым. Менің ойымша, бүгінгі күні сайлауға қатысқан бес партияның бәсекесін саяси түрлену деуге келмейді. Плюрализм меніңше, белгілі бір деңгейде шектеулі болды. Сондықтан жаңадан тағы бір екі-үш партия сайлауға қатысқанда, саяси науқан бұдан да қызық болар ма еді. Осы сайлау арқылы қоғамның қаншалықты кемелденгенін көруге болады. Өз бағдарламаларын таныстырған әзірге бес партия бар. Менің ойымша, оларға жеткілікті уақыт берілді, пікірталас та көп болды», - дейді ол.
Айгүл Соловьева десе де қалыптасқан жағдайды қандай да бір дәрежеде өзгертуге қатысты нақты бір үндеуді байқамағанын атап өтті.
«Партиялардың бір-біріне деген сыни текетіресі көбірек болса, қызықтырақ болар еді. Партиялар бүгінгі нәтижемен келісті де қойды. Сондықтан, бұл бәсекеде «Nur Otan» партиясының көшбасшылығы айқын көрініп тұрды. Бұл менің көзқарасым», - деді ол.
Еске сала кетсек ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, «Nur Otan» партиясы 71,09%, «ADAL» саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.