Айта кетейік, бұл бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған болатын.
«Жетісу» теннис орталығының 14 жастағы тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі. Шешуші матчта отандасымыз австриялық Юлия Эренбергермен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған тартысты финал 6:4, 3:6, 6:1 есебімен Айымның пайдасына аяқталды.
Бұл трофей Айым Қанағатованың кәсіби карьерасындағы ITF Juniors сериясы бойынша алғашқы жүлдесі. Жарыс барысында жас отандасымыздың тек өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарды қапы қалдырып, жеңіске жетуі маңызды жетістік болды.
Айта кетелік Қазақстан құрамасы Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтаған еді.