«Айка тізімі»: эскорт бизнесін ұйымдастырушы апелляциялық шағым түсірді

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 6,5 жылға сотталған элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка аппеляциялық шағым түсірді.

Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, сот процесі жабық өтеді.

«Іс жақын арада Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында қаралады, процесс жабық түрде өтеді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, мамыр айында Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қоғамды елең еткізген «Айка тізімі» бойынша қылмыстық іске үкім шығарған болатын.

Айта кетсек, аталған жайт бойынша Әділет министрі Азамат Есқараев та өз ойын айтқан еді.

Кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев та «Айка тізімі» қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.