«Қазақстан аумағында табиғи оба, туляремия, геморрагиялық қызба (геморрагиялық қызба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы), сібір жарасы және басқа зоонозды инфекциялар бар. Алдағы эпидемиялық маусымға байланысты аймақ әкімдері тұрғындар арасында ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру қажет», - деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, еліміздің оңтүстік аймақтары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының жиілігі бойынша эндемикалық болып қала береді.
«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық маусымы басталуы қарсаңында аймақ әкімдері бұл аурудың алдын-алу шарасын қолға алуы қажет. Атап айтқанда: буферлік аймақтарды құру, мал мен мал ғимараттарын, елді мекендердегі жеке шаруа қожалықтарын, қоршау мен оның айналасын кенеге қарсы өңдеу керек.
Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл медициналық көмек және басқа да тар мамандықтардағы медициналық қызметкерлердің қырағылығы мен дайындық деңгейін арттыру бойынша шараларды Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын ерте анықтау және дифференциалды диагностикалау тұрғысынан жүзеге асыру қажет», - дейді ол.