Аймақ экономикасының шикізат секторына 94 миллиард теңге тартылмақ - ОҚО
әрбір саладағы табысты еселеу туралы тапсырма берді. Негізгі тапсырмалардың қатарында 150 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін арналған сақтау қоймасын салу міндеті де бар.
Әкімдіктің әрбір бөлімі жеке бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі өз ұсыныстарын әзірлеулері керек. Облыс әкімінің орынбасарлары барлық басқармалар мен департаменттерде атқарылып жатқан жұмыстарды бағалайтын болады. 17 сәуірде Астанада Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізіліп отырған әкімдіктің отырысында Асқар Мырзахметов осы шарттарды мәлім етті.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы берген тапсырмаларды орындау біздің облысымыз үшін қиын емес. Біз бұл бағытта жұмыс істей бастағанымызға екі жылдың жүзі болды. Ал ауыл шаруашылығына келер болсақ, нәтижелер де жоқ емес. Мысалы, Мемлекет басшысы иесіз жатқан жер телімдерінің санын анықтау туралы тапсырма берді. Біздің облысымызда ондай жердің аумағы 7 мың гектар екені анықталып отыр. Ал инвестициялар тарту үшін біз жаңа департамент аштық. Енді соның жұмысын күшейту керек»,- деді әкім Асқар Мырзахметов әкімдікте өткізген мәжілісте.